АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Астана, 10 сәуір, 2025 жыл
Сағат 10.00 (GMT +5)
Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі
Сіздерді Түркі халықтарының музыкалық бренді, Түркі халықтары мәдениетінің амбассадоры – «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:
- «ТURAN» ансамблінің қазақстандық музыкалық өнер мен педагогиканың дамуына қосқан үлесі;
- «ТURAN» ансамблі шығармашылығының қазіргі заманғы театр, кино, хореография, ұлттық киім және менеджментпен байланысы;
- Жаңа формат: заманауи этно-фольклорлық топтардың ұлттық бірегейлікті тәрбиелеу мен трансформациялаудағы рөлі;
- Қазіргі түркі әлемі музыкасының панорамасындағы және мәдениетаралық өзара әрекеттесудегі «Тұран» ансамблінің орны;
- Этно-фольклорлық топтар және этникалық музыкалық аспаптардың дамуы.
Конференцияға қатысуға ғалымдар, педагогтар, магистранттар мен докторанттар және студенттер шақырылады.
Конференцияның форматы: онлайн және оффлайн (Zoom сілтемесі қосымша «Тұран» ансамблінің инстаграм, фейсбук парақшаларында жарияланады).
Конференцияға қатысу формалары: баяндама және бейнематериалдардың көрсетілімі (10 мин).

«TURAN» этно-фольклорлық ансамблі жайында толығырақ ақпаратты turanofficial.com cайтынан немесе 4-қосымшада көрсетілген сілтемелерден ала аласыз.
Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Негізгі ережелер
- Мақала қазақ, түрік, орыс, ағылшын және т.б. түркі тілдерінде қабылданады.
- Мақаланың көлемі – баспа мәтініндегі 6-7 бетке дейін.
- Мақала Doc форматында дайындалуы тиіс, Times New Roman шрифті, жоларалық интервал - 1, кегль –14, жоғары және төменгі жиектері– 20 мм, оң жағы - 15 мм, сол жағы – 30 мм.
- Мақаланың атауы 10-12 сөзден аспауы тиіс. Мақаланың атауы бас әріптермен (жартылай қалың түрде, бетті ортасына туралаумен) рәсімделеді.
- Мақаланың атауынан кейін 1 интервалдан соң жол ортасында автордың Тегі, Аты, Әкесінің аты толық көрсетіледі (жартылай қалың, курсивпен, бетті ортасына туралаумен).
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми /құрметті атағы, лауазымы, ұйымның атауы, қала, ел (қарапайым түрде, бетті ортасына туралаумен).
- Мақаланың негізгі мәтінінің тіліндегі аннотация (аралары ашық емес 2000 белгіден аспай) (мақаланың негізгі мәтінініңтілінде).
- Аннотациядан кейін 5 түйін сөздер көрсетіледі (мақаланың негізгі мәтінінің тілінде);
- Мақаланың мәтіні (екі интервалдан кейін).
- Пайдаланылған дереккөздер (екі интервал кейін, МЕМСТ Р 7.0.5-2008 сәйкес пайдалану тәртібіне қарай рәсімделеді. Дереккөзге сілтеме дәйексөз алу тәртібіне қарай, төрт бұрышты жақша ішінде реттік нөмірі мен бет нөмірі көрсетіліп беріледі. Үлгі: [1, 15 б.]. Пайдаланылған дереккөздердің саны кемінде 5 болуға тиіс.
- Тональдіктер латын тілінде – C-dur, g-moll; дыбыстардың атаулары латын әріптерімен – h, G, a2 деп курсивпен жазылады.
Қатысу нысандары– күндізгі, сырттай.
Өтінімдер мен мақалаларды ұсыну мерзімдері: 2025 жылдың 27 наурызына дейін.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына turan.conference@gmail.com қатысу туралы өтінім (1-қосымша) мен мақаланы жіберу қажет. Файлдың атауын үлгі бойынша рәсімдеу керек: Amirov_Turan.
Ұйымдастыру комитеті барлық материалдардың рецензиялау процедурасынан өтетінін ескертеді. Ұйымдастыру комитеті дөнгелек үстелдің тақырыбына сай келмейтін материалды қайтару құқығын өзіне қалдырады. Көрсетілген мерзімнен кейін түскен және талаптарға сай рәсімделмеген мақалалар (2-қосымша) жіберілмейді. Мақалалар авторлық редакцияда жарияланады.
Конференция жұмысының нәтижесінде электрондық форматта ғылыми баяндамалардың жинағы жарық көреді және turanofficial.com сайтынан жүктеп алуға болады.
Баяндамалары бағдарламаға қабылданған барлық қатысушыларға сертификаттар, серіктестер атынан естелік сыйлықтар беріледі.
Жол жүру және тұру ақысын іссапарға жіберуші тарап төлейді.
Қосымшаларды жүктеп алу

Конференцияны ұйымдастыру алқасының мекенжайы:
Қазақстан, Астана
Алматы ауданы, Z00T2C9
Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі
Тәуелсіздік даңғылы, 54
Қазақстан, Астана
Алматы ауданы, Z00T2C9
Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі
Тәуелсіздік даңғылы, 54