«TURAN» ТАРИХЫ

Жанры: этно-фольк
Мемлекет: Казақстан
Құрылған уақыты: 01.03.2008 ж.
Лейбл: ТОО «TURAN ethno-folk ensemble»

«Түркі халықтары мәдениетінің амбассадорлары»
(Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының атынан, Әзірбайжан, Баку)

«TURAN» этно-фольклорлық ансамблі 2008 жылы құрылды. Ұжым әлемнің 122 қаласында 3000-нан аса жеке концерттерін беріп, түркі әлемінің музыкалық бренді атанды. Сондай-ақ қазақ музыка мәдениетінде өзіндік жеке стилін қалыптастырып, елімізде 5 адамнан құралған мультиаспапшылардан тұратын ансамбльдер қатарының көбеюіне сеп болды.

«TURAN» ансамблі әлемнің атақты «Carnegie hall» (Нью-Йорк, АҚШ), «Kennedy center» (Вашингтон, АҚШ), «Zellerbach hall» (Лос-Анджелес, АҚШ), «Konzerthaus» (Берлин, Германия), «Palais des festivals et des Congres» (Канны, Франция), «Salle Cartot» (Париж, Франция), П.И.Чайковский атындағы Мемлекеттік консерваторияның Үлкен залы (Мәскеу, Ресей), Мариин театрының концерт залы (Санкт-Петербург, Ресей), «Beijing concert hall» және «National Center for the Performing Arts» (Бейжің, Қытай), «Cosmopolite center» (Осло, Норвегия), «Theatres des Varietes» (Монако), М.Магомаев атындағы Әзірбайжан мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залы (Баку, Әзірбайжан), «Geneva Conservatory» (Женева, Швейцария), «Zunftsaal» (Базель, Швейцария), «Bozar» (Брюссель, Бельгия), “Ehrbar Saal» (Вена, Австрия), «Varkert Bazar» (Будапешт, Венгрия), «Diligencia» (Гаага, Нидерланды), Загреб музыка академиясының концерт залы (Загреб, Хорватия) және т.б. концерт залдарында өнер көрсеткен.
Carnegie hall
Kennedy center
Zellerbach hall
Қазіргі таңда «TURAN» ансамблінің қоржынында «Тұран» (2009 ж.), «Ер Тұран» (2011 ж.), «Ұлы Тұран» (2017 ж.), «Folk & Symphony» (2021 ж.), «Tamyr» (2024 ж.) атты CD күйтабақтары бар. Сонымен қатар «Daris», «Folk & Symphony», «Tylsym by Turan», «Bridge of Times» (А.Райымқұловамен бірге), «Tamyr» атты жобалардың авторы.

«TURAN» халықаралық кинокомпанияларымен серіктес болып, «Diriliş Ertuğrul» (реж.: Мехмет Гюнай), «İsimsizler» (реж.: Емре Конук), «Mendirman Jaloliddin» (реж.: Нұрғиса Әлмұрат) сериалдарына музыка жазды. Сондай-ақ әлемнің танымал тұлғаларымен, ұжымдарымен коллаборация жасап, ұлттық музыка өнерін шетелге насихаттады.
«TURAN» ансамблінің кәсіби тұрғыда қалыптасуында дарынды композитор, өнертану және DВА, PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының еңбегі зор. Батыстың академиялық музыкалық аспаптары мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын тоғыстыра отырып, қазақ музыка мәдениетінде бұрын-соңды болмаған жаңа музыкалық бағыттарды дүниеге әкелді. Ол «TURAN» ансамблі мен симфониялық оркестрді байланыстыра отырып, ауқымды «Дала сыры», «Ежелгі Тұран», «Жәмилә» атты симфониялық поэмаларын, «Sounds of Time», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» балеттерін дүниеге әкелді. Сонымен қатар құрамында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары, виолончель, фортепианодан құралған «Bridge of Times», «Crossroads» атты бірегей туындыларды шығарды.

1303 жылы Венецияның "Basilica di San Marco" кітапханасынан табылған қыпшақ тілінде дұғалар, гимн және жұмбақтар жазылған көне қолжазба «Codex Cumanicus» кітабындағы құпия ноталарды композитор А.Райымқұлова мен түркітанушы-ғалым А. Гаркавец бірлесе зерттеп, қыпшақтардың «Reminiscens beati sanguinis» атты бірегей музыкалық туындысын қайта жаңғыртты. Аталған туындыны «TURAN» ансамблі негізге ала отырып, өңдеп, «Қыпшық ұраны» атты композициясын А.Райымқұловамен бірлесе қайта жаңғыртты.
Ұжым 15 жылда әлемнің түпкір-түпкірінде үш мыңға жуық әртүрлі деңгейде концерттер өткізді. Солардың ішінде елімізде берген бірнеше жеке үлкен концерттерін ерекше атап өткен жөн.
2008 жылы
2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен орган залында «Тұран» атты бірінші CD күйтабағының таныстырылым концертін жасады
2011 жылы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен, аталған қордың концерт залында

«Ер Тұран» екінші CD күйжинағының таныстырылым концертін өткізді

2014 жылы
«Қазақстан» ОКЗ залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған ансамбльдің жеке концерті өтті
2017 жылы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының концерт залында «Ұлы Тұран» атты үшінші CD күйжинағының таныстырылым концертін өткізді
2019 жылы
«Қазақстан» ОКЗ ансамбльдің 10 жылдық мерейтойына арналған «ТURAN» атты үлкен жеке концерт қойылды
2020 жылы
«Отандастар» Қоры ұйымдастырған «Тұран» ансамблінің «Ұлы дала елінен» атты жеке онлайн-концерті өтті
2021 жылы
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында ансамбль «Folk & Symphony» атты төртінші CD, DVD күйжинағының таныстырылым концертін өткізді
2024 жылы
Республика сарайының сахнасында «Tamyr» атты бесінші CD күйжинағының таныстырылым концертін берді
«TURAN» ансамбілінің құрамындағы өнерпаздар Серік Нұрмолда, Бауыржан Бекмұханбет, Мақсат Медеубек, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадабаев – кәсіби білікті мамандар. Ансамбльде қазақ халқының 30-дан астам ұлттық аспабы болса, топ құрамындағы әр музыкант кемі бес-он аспапта ойнайды.

ТОП ҚҰРАМЫ

СЕРІК НҰРМОЛДА
Аты-жөні: Нұрмолда Серік Тоқтасынұлы
Туған жылы: 18.09.1987
Туған жері: Қазақстан, Алматы облысы
Fb., Inst.: serik_nurmolda

Халықаралық Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының сарапшы-зерттеушісі (Баку қаласы, Әзербайжан), “Мәдениет саласының үздігі”, “Халық алғысы” төсбелгілерінің иегері, Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің Президенттік стипендиясының иегері, өнертану ғылымдарының магистрі, композитор, музыкант-мультиаспапшы, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, продюсер, теле/радиожүргізуші, Қазақ ұлттық хореография академиясы “Өнер” факультеті “Өнертану және арт-менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі алған оқу орындар:

  • 1992 ж. №1 Іле аудандық Балаларға арналған музыкалық мектебі
  • 1993 ж. М.Мақатаев атындағы №13 Қазақ орта мектебі
  • 1998 ж. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған респуликалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты
  • 2006 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы (бакалавриат, Халық музыкасы факультеті, “Домбыра” мамандығы)
  • 2010 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы (магистратура, “Арт-менеджмент” мамандығы)
  • Қараша 2011 ж. Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы (Ресей, Мәскеу, “Арт-менеджмент” мамандығы)
  • 2018 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы (докторантура, “Арт-менеджмент” мамандығы)
  • Қараша 2018 ж. Әзірбайжан ұлттық консерваториясы (Әзірбайжан, Баку, “Арт-менеджмент” мамандығы)

Жетістіктері:

  • «Балбөбек» балаларға арналған облыстық фестивалінің дипломанты (1996 ж., «домбырамен ән айту» номинациясы бойынша)
  • Оқушылар арасындағы Алматы облыстық олимпиадасының лауреаты (III орын) (1997 ж., «домбыра» номинациясы бойынша)
  • «Бозторғай» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының дипломанты (1999 ж., «домбырамен ән айту» номинациясы бойынша)
  • «Балбөбек» жас таланттар аудандық фестивалінің лауреаты (ІІ орын) (1997 ж., «домбырамен ән айту» номинациясы бойынша)
  • «Балақай» Республикалық радиофестивалінің лауреаты (ІІІ орын) (1998 ж., «домбырамен ән айту» номинациясы бойынша)
  • Күйші Қазанғап Тілепбергенұлына арналған Республикалық байқаудың дипломанты (2005 ж., «домбыра» номинациясы, Ақтөбе қ.)
  • «Мәңгілік сарын» Республикалық байқауының дипломанты (2007 ж., «сыбызғы» номинациясы)
  • Мұғалімдер арасындағы Алматы облыстық байқауының лауреаты (І орын) (2006 ж., «домбыра» номинациясы)
  • XXVI – Жас орындаушылар Республикалық байқауының дипломанты (2006 ж., «домбыра» номинациясы)
  • «Қорқыт» Түркі халықтарының дәстүрлі орындаушылары арасындағы халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (ІІ орын) (2012 ж., «сыбызғы» номинациясы)
  • Мұғалімдер арасындағы Алматы облыстық байқауының лауреаты (Гран-при) (2014 ж., «домбыра» номинациясы)
  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері (2018 ж.)
  • Мәдениет және өнер саласындағы Мемлекеттік Президенттік стипендиясының иегері (2018 ж.)
  • «Халық алғысы» Мемлекеттік төсбелгісінің иегері (2020 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» Мемлекеттік төсбелгісінің иегері (2021 ж.)

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

  • Nurmoldayev S., Orazaliyev B., Doszhan R., Ibragimova T., Kasymova R. Cognitive analysis of intercultural communication in linguistics
  • Nurmoldayev S. Kazakhization and pop music in the context of the crisis of national identity
  • Nurmoldayev S., Nussipzhanova B., Begembetova G., Marketing and its application in music in professional training in the higher education system
  • Nurmoldayev S., Raimkulova A., Begembetova G. Traditional sphere and innovation in music: art study on the theory of cognition
  • Nurmoldayev S., Nussipzhanova B., Begembetova G. Management and its general appearance in the field of modern music
  • Нұрмолдаев С.Т., Қалдыбаева А.Қ. Этникалық мәдениеттің әлемдік дамуы («SNECC entertainment» этникалық мәдениет орталығы қызметінің мысалында)
  • «Этнотерапия» психологиялық тренингінің авторы
  • 26 оқу бағдарламаларының авторы: Ұйымдастырушылық мінез-құлық, Медиажоспарлау, Мәдениет саласындағы сегменттеу және тұрақтандыру, Продюсерлік қызмет, Басқарушылық шешімдерді құру, Сапаны басқару, Инновациялық менеджмент, Конфликтология, Тайм-менеджмент, Мәдениет саласындағы басқару негіздері, Театралдық менеджмент, Event-business, Музыкалық паблишинг и әкімшілендіру, Арт-индустрия нарығы, Музыкалық бизнес пен ойын-сауық индустриясындағы менеджмент, Концерттік және көрмелік қызметті ұйымдастыру, Мәдениет саласындағы бизнесті ұйымдастыру технологиясы, Заманауи медиамәдениет, Тәуекел-менеджмент, Маркетинг, Демалыс қызметін ұйымдастыру, Жобалық технологиялар, Промоушн және имиджмейкинг, Арт-жобаларды ұйымдастыру, Жарнама және PR
  • Студенттер мен оқушылар арасында Халықаралық және республикалық лауреаттарын тәрбиеледі
БАУЫРЖАН БЕКМҰХАНБЕТ
Аты-жөні: Бекмұханбет Бауыржан Дүйсенұлы
Туған жылы: 26.05.1987
Туған жері: Қазақстан, Алматы қаласы
Fb., Inst.: baurzhan_bekmukhanbet

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, домбырашы, күйші, композитор. Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», Өнертану магистрі. Роза Бағланова тандағы «Қазаққонцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының солист-артисі. Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ ұлттық өнер университетінің ПЦК домбыра пәнінің аға оқытушысы.

Білімі алған оқу орындар:

  • 1994 - 2003 жж. С.Сейфуллин атындағы №74 атындағы орта мектебі
  • 2003 - 2006 жж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі
  • 2006 - 2010 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (Бакалавриат)
  • 2010 - 2012 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Арт-менеджмент факультеті (Магистратура)

Жетістіктері:

  • 1999 ж. Академик А. Жұбанов атындағы Жас және жас орындаушылар фестивалінің дипломанты. Алматы қ.
  • 2000 ж. XXXIV Республикалық және қалалық жас музыканттар байқауының лауреаты, І орын. Алматы қ.
  • 2001 ж. ХХІІ халықаралық «Азия дауысы» фестивалі аясындағы балалар шығармашылығының ІІІ фестивалінің дипломанты. Алматы қ.
  • 2003 ж. XXXVII Республикалық және қалалық жас музыканттар байқауының Гран-При иегері. Алматы қ.
  • 2005 ж. «Шабыт» VIІІ Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-При иегері. Астана қ.
  • 2005 ж. Құрманғазы атындағы VI республикалық байқаудың лауреаты, ІІІ орын. Астана қ.
  • 2006 ж. XXVI Республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты, І орын («домбыра» номинациясы). Алматы қ.
  • 2006 ж. Жоғары оқу орны ішіндегі Сүгір Әлиев атындағы «Қаратау шертпесі» атты шертпе күйдің дәстүрлі орындаушылары конкурсының лауреаты, І орын. Алматы қ.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

  • «Мәңгілік жастық» атты авторлық күй жинақтың авторы – 2019 ж. Алматы қ.
  • «Қазақ ұлттық консерваториясының фольклорлық зертханасы» атты жинақтың авторы, 2019 ж. Алматы қ.
  • «Фольклорлық ғылыми зерттеу зертханасы қорындағы Абайдың музыкалық мұралары» атты күйтабақтың құрастырушы авторы, 2020 ж.
  • Сазгер күйші Бақытхан Жұмақадырұлының «Көркем мекен» күйтабағы мен жинақтың құрастырушы авторларының бірі, 2021 ж.
  • Базаралы Мүптекеевтің «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» атты монографиясы мен «Күй шақыртқы» күйлер жинағы мен күйтабағының құрастырушы авторы, 2022 ж.
  • Қожеке Назарұлының 200 жылыдығына арналған «Қожеке» атты нота жинағының құрастырушы авторы, 2023 ж.
МАҚСАТ МЕДЕУБЕК
Аты-жөні: Медеубек Мақсат Сағатбекұлы
Туған жылы: 10.01.1986
Туған жері: Қазақстан, Алматы қаласы
Fb., Inst.: maksat_medeubek

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, қобызшы. Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі». «Қазақ қылқобызы және Орталық Азия түркі халықтарының музыка мәдениетіндегі типологиялық туыстас аспаптар» тақырыбы бойынша философия докторы (PhD);
Роза Бағланова тандағы «Қазаққонцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының солист-артисі; Қазақ Ұлттық Өнер университетінің аға оқытушысы.

Білімі алған оқу орындар:

  • 1992-1994 жж. Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп
  • 1994-2003 жж. А.Жұбанов атындағы РМҚОМИ
  • 2003-2004 жж. К.Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналғын РММОМИ
  • 2004-2008 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (Бакалавриат)
  • 2008-2010 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (Магистратура)
  • 2017-2020 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (Докторантура)

Жетістіктері:

  • 2003 ж. Құрманғазы атындағы V Халықаралық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының лауреаты, 3 орын. Астана
  • 2003 ж. VI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, 3 орын. Астана
  • 2004 ж. Республикалық конкурсы, 2 орын. Астана
  • 2004 ж. «Асыл мұра» жобасы бойынша өткізілген Дәстүрлі музыка орындаушылардың ІІ сайысыны, 2 орын. Алматы
  • 2004 ж. Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы ІІ Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы, 2 орын. Қарағанды
  • 2005 ж. «Асыл мұра» жобасы бойынша өткізілген Дәстүрлі музыка орындаушылардың ІІІ сайысы, 1 орын. Алматы
  • 2005 ж. VIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі, 1 орын. Астана
  • 2007 ж. «Мәңгілік сарын» дәстүрлі музыка фестивалі («Нар қобыз»), 1 орын. Алматы
  • 2008 ж. Ықылас Дүкенұлы атындағы Халықаралық қылқобызшылар конкурсы, 2 орын. Тараз
  • 2012 ж. Қорқыт атындағы түркі тілдес мемлекеттердің дәстүрлі орындаушылық өнер фестивалі, 1 орын. Астана
  • 2014 ж. Ерден Сандыбайұлы атындағы І Республикалық қобызшылар байқауы, 2 орын, Жезқазған
  • 2018 ж. Тілеп Аспантайұлы атындағы Халықаралық ішекті аспаптарда орындаушылар конкурсы, Бас жүлде. Астана

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

  • «Қазақтың ұлттық аспаптарының бірі нарқобыз және оны жетілдіру жолдары»
  • «Қобыз тарту өнерінің кейбір әдістемелік мәселелері»
  • «Қобыз және оны ұстау, тарту әдіс-тәсілдері»
  • «Қазақ халқының ұмыт болған көне үрлемелі аспаптарының тағы бір түрі»
  • «Оқу үрдісін және білім беру мазмұнын жетілдіру тәжірибесі: заманауи беталыс»
  • «Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев, С.Үмбетбаевтардың қобыз тартудағы сол қол техникасы мен аспапты ұстау ерекшеліктері»
  • «Қобызшы Д.Мықтыбаев пен С.Үмбетбаевтардың стильдік-орындаушылық ерекшеліктері (Ы.Дүкенұлының «Ерден» күйінің негізінде)»
  • «Еділ бойындағы татар, ноғай халықтарының кыл-кубыздары және оларды қайта жаңғырту мәселелері»
  • «Өзбек қобызы және оған арналған күйлер»
  • «Ішекті-ысқышты аспаптардың орындаушы қолында орналасуының сол қол техникасына тигізетін әсері» (қазақ қобызы, қырғыз қыл-қыяғы, қарақалпақ кобузы)
  • «Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ халықтарының қобыз тектес аспаптары: салыстырмалы-типологиялық зерттеу аспектілері»
  • «Сол қол техникасының қобыз музыкасының стильдік ерекшеліктерінің қалыптасуына тигізетін әсері»
  • «Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ халықтарының қобыз тектес аспаптарының морфологиялық және эргологиялық ерекшеліктері»
  • «Смычковые инструменты типа казахского кыл-кобыза у татар и ногайцев Поволжья, Кубани и Крыма (на материале историко-этнографических данных XVIII-XIX вв.)»
  • «Production and technique of the left hand on the Kazakh kyl-kobyz, Kyrgyz kyyak, Karakalpak kobyz»
  • «Kyl-kobyz-related musical instruments of Turkic peoples living in Central Asia: comparative-typological aspects of the study»
  • «About Two Types Of Universalism In The Musical Instruments Of The Kazakhs»
ЕРЖІГІТ ӘЛИЕВ
Аты-жөні: Әлиев Ержігіт Бақытжанұлы
Туған жылы: 02.06.1994
Туған жері: Қазақстан, Қызылорда қаласы
Fb., Inst.: erzhigit_aliyev

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, домбырашы, мультиаспапшы. Роза Бағланова атындағы «Қазаққонцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының солист-артисі. «Шертер» музыкалық аспаптар жасаушы кәсіпорынның музыкалық эксперті.

Білімі алған оқу орындар:

  • 2010-2014 жж. П. Чайковский атындағы музыка колледжі. Халық аспаптары-домбыра мамандығы бойынша (Колледж)
  • 2014-2018 жж. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы. Дәстүрлі музыкалық өнер мамандығы бойынша (Бакалавриат)
  • 2018-2020 жж. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы. Өнертану ғылымдарының магистрі (Магистратура)

Жетістіктері:

  • 2007 ж. «Час юнных звезд» атты Республикалық фестивалінің «Вокал, аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша лауреаты, Астана қ.
  • 2007 ж. Республикалық «Әнші балапан» балалар шығармашылығы конкурсының финалына қатысушы дипломымен марапатталады. Астана қ.
  • Академик А. Жұбанов атындағы "Ғасырлар пернесі" жас орындаушылар фестивалінің лауреаты
  • 2009 ж. Қалалық «Жырлайды Жүрек» Мұқағалидың Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндерден балалар шығармашылығы байқауының «Дәстүрлі ән» номинациясының жүлдегері. 1 орын, Алматы қ.
  • 2010 ж. ХІ «Абай оқулары» Аудандық конкурсының лауреаты, 1 орын.
  • 2010 ж. Ұлы жеңістің 65 жылдығына орай аудандық «Бұл әндер бізді жеңіске жеткізді» тақырыбында өткізілген жеке ән салу байқауында 2 орын, Алматы қ.
  • 2010 ж. Республикалық «Ғұмырдария» балалар шығармашылығының ән би байқауының «Дәстүрлі ән» номинациясының жүлдегері, 2 орын Алматы қ.
  • 2011 ж. «Нұрғиса Тілендиевтің музыка әлемі» атты жоба аясында өткен «Композитордың әндері мен күйлерін шебер орындау» конкурсының лауреаты, Алматы қ.
ЖАНТУ ДАДАБАЕВ
Аты-жөні: Дадабаев Жанту Құрбанұлы
Туған жылы: 23.09.1998
Туған жері: Қазақстан, Тараз қаласы
Fb., Inst.: zhantu_dadabayev

Музыкант-мультиаспапшы, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, UNESCO халықаралық ұйымының қатысушысы, Роза Бағланова тандағы «Қазаққонцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының солист-артисі.

Білімі алған оқу орындар:

  • 2014-2018 жж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі
  • 2018-2022 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (Бакалавриат)
  • 2022-2024 жж. Қазақ ұлттық өнер университеті Халық музыкасы факультеті (Магистратура)

Жетістіктері:

  • 2012 ж. Республикалық «Асыл мұра» байқауының лауреаты, 1 орын. Алматы қ.
  • 2012 ж. Республикалық «Ақ көгершін» байқауының лауреаты, 3 орын. Алматы қ.
  • 2017 ж. «Көшпенділер әуені» республикалық байқауының дипломанты. Алматы қ.
  • 2018 ж. XXXIX республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты, 2 орын. Астана қ.
  • 2020 ж Н.Тілендиев атындағы Республикалық «Өз елім» байқауының Гран-при иегері. Тараз қ.
  • 2021 ж. XIII Республикалық студенттік олимпиадасының лауреаты, 2 орын. Алматы қ.
  • 2021 ж. XXI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар байқауының дипломанты. Астана қ.
  • 2021 ж. Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы YIII Республикалық байқауының дипломанты. Қарағанды қ.
  • 2022 ж. Республикалық «Шертпе күй» байқауының дипломант Алматы қ.
МҰҚАШЕВ АРМАН
Аты-жөні: Мұқашев Арман Өтегенұлы
Туған жылы: 31.03.1981
Туған жері: Қазақстан, Ақмола облысы
E-mail: arstudioas81@gmail.com

Арман Мұқашев халықаралық деңгейдегі кәсіби дыбысрежиссер. Көп жылдар бойы студиялық дыбыс режиссер, аранжеровщик ретінде Қазақстанның көптеген жарық жұлдыздарымен тығыз шығармашылық қарым-қатынаста жұмыс істеген. Олардың ішінде: Б.Серкебаев, Т.Мұхамеджанов, Р.Рымбаева, А.Мұсаходжаева, М.Омаров, Н.Өнербаев, Р.Гайсин, Қ.Болманов, Қ.Абильдина, Қ.Баекенов, Д.Құдайберген, А.Еңсепов, М.Исабекова, А.Төлепберген; шетелдік С.Павлиашвили, Л.Фабиан, Араш және т.б. Сонымен қатар, «Дос-Мұқасан», «А-STUDIO», «Муз-АРТ», «Формат», «The JIGITS» топтарымен жұмыс жасаған.

Қазіргі таңда «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің жеке дыбыс режиссері. «TURAN» ансамблімен Түркия (Анкара, Ыстамбұл, Сивас, Қайсері, Конья, Мерсин, Денизли, Пендик, Эскишехир, Бахчилар, Трабзон); Әзірбайжан (Баку), АҚШ (Вашингтон, Лос-Анджелес), Франция (Париж, Бельфор, Канны), Қытай (Бейжің), Швейцария (Женева, Базель), Бельгия (Брюссель), Австрия (Вена), Венгрия (Будапешт), Нидерланды (Гаага), Хорватия (Загреб), Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург) және т.б. елдерде өнер көрсеткен.

«TURAN» ансамблінің 2023 жылы жарыққа шыққан «TAMYR» күйтабағының микс инжинері, дыбыс режиссері.

Білімі алған оқу орындар:

  • 1997-2001 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, музыка факультеті
  • 2016 ж. «Sandler» продюсерлік орталығында тағылымдама, Мәскеу
  • 2018 ж. «LA institute MI» - да тағылымдама, Лос-Анджелес

Марапаттары:

  • 2008 ж. «Жас қанат» музыка фестивалінің ең үздік дыбыс режиссеры
  • 2012 ж. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаевтың алғыс хаты
  • 2013 ж. Астана қаласы, Мәдениет басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс хаты
  • 2021 ж. Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі»
СЕРІК НҰРМОЛДА
Халықаралық Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының сарапшы-зерттеушісі (Баку қаласы, Әзербайжан), “Мәдениет саласының үздігі”, “Халық алғысы” төсбелгілерінің иегері, Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің Президенттік стипендиясының иегері, өнертану ғылымдарының магистрі, композитор, музыкант-мультиаспапшы, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, продюсер, теле/радиожүргізуші, Қазақ ұлттық хореография академиясы “Өнер” факультеті “Өнертану және арт-менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы.
Білімі алған оқу орындар:
  • 1992 ж. №1 Іле аудандық Балаларға арналған музыкалық мектебі
  • 1993 ж. М.Мақатаев атындағы №13 Қазақ орта мектебі
  • 1998 ж. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған респуликалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты
  • 2006 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы (бакалавриат, Халық музыкасы факультеті, “Домбыра” мамандығы)
  • 2010 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы (магистратура, “Арт-менеджмент” мамандығы)
  • Қараша 2011 ж. Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы (Ресей, Мәскеу, “Арт-менеджмент” мамандығы)
  • 2018 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы (докторантура, “Арт-менеджмент” мамандығы)
  • Қараша 2018 ж. Әзірбайжан ұлттық консерваториясы (Әзірбайжан, Баку, “Арт-менеджмент” мамандығы)
Жетістіктері:
  • «Балбөбек» балаларға арналған облыстық фестивалінің дипломанты (1996 ж., «домбырамен ән айту» номинациясы бойынша)
  • Оқушылар арасындағы Алматы облыстық олимпиадасының лауреаты (III орын) (1997 ж., «домбыра» номинациясы бойынша)
  • «Бозторғай» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының дипломанты (1999 ж., «домбырамен ән айту» номинациясы бойынша)
  • «Балбөбек» жас таланттар аудандық фестивалінің лауреаты (ІІ орын) (1997 ж., «домбырамен ән айту» номинациясы бойынша)
  • «Балақай» Республикалық радиофестивалінің лауреаты (ІІІ орын) (1998 ж., «домбырамен ән айту» номинациясы бойынша)
  • Күйші Қазанғап Тілепбергенұлына арналған Республикалық байқаудың дипломанты (2005 ж., «домбыра» номинациясы, Ақтөбе қ.)
  • «Мәңгілік сарын» Республикалық байқауының дипломанты (2007 ж., «сыбызғы» номинациясы)
  • Мұғалімдер арасындағы Алматы облыстық байқауының лауреаты (І орын) (2006 ж., «домбыра» номинациясы)
  • XXVI – Жас орындаушылар Республикалық байқауының дипломанты (2006 ж., «домбыра» номинациясы)
  • «Қорқыт» Түркі халықтарының дәстүрлі орындаушылары арасындағы халықаралық өнер фестивалінің лауреаты (ІІ орын) (2012 ж., «сыбызғы» номинациясы)
  • Мұғалімдер арасындағы Алматы облыстық байқауының лауреаты (Гран-при) (2014 ж., «домбыра» номинациясы)
  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері (2018 ж.)
  • Мәдениет және өнер саласындағы Мемлекеттік Президенттік стипендиясының иегері (2018 ж.)
  • «Халық алғысы» Мемлекеттік төсбелгісінің иегері (2020 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» Мемлекеттік төсбелгісінің иегері (2021 ж.)
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
  • Nurmoldayev S., Orazaliyev B., Doszhan R., Ibragimova T., Kasymova R. Cognitive analysis of intercultural communication in linguistics
  • Nurmoldayev S. Kazakhization and pop music in the context of the crisis of national identity
  • Nurmoldayev S., Nussipzhanova B., Begembetova G., Marketing and its application in music in professional training in the higher education system
  • Nurmoldayev S., Raimkulova A., Begembetova G. Traditional sphere and innovation in music: art study on the theory of cognition
  • Nurmoldayev S., Nussipzhanova B., Begembetova G. Management and its general appearance in the field of modern music
  • Нұрмолдаев С.Т., Қалдыбаева А.Қ. Этникалық мәдениеттің әлемдік дамуы («SNECC entertainment» этникалық мәдениет орталығы қызметінің мысалында)
  • “Этнотерапия” психологиялық тренингінің авторы
  • 26 оқу бағдарламаларының авторы: Ұйымдастырушылық мінез-құлық, Медиажоспарлау, Мәдениет саласындағы сегменттеу және тұрақтандыру, Продюсерлік қызмет, Басқарушылық шешімдерді құру, Сапаны басқару, Инновациялық менеджмент, Конфликтология, Тайм-менеджмент, Мәдениет саласындағы басқару негіздері, Театралдық менеджмент, Event-business, Музыкалық паблишинг и әкімшілендіру, Арт-индустрия нарығы, Музыкалық бизнес пен ойын-сауық индустриясындағы менеджмент, Концерттік және көрмелік қызметті ұйымдастыру, Мәдениет саласындағы бизнесті ұйымдастыру технологиясы, Заманауи медиамәдениет, Тәуекел-менеджмент, Маркетинг, Демалыс қызметін ұйымдастыру, Жобалық технологиялар, Промоушн және имиджмейкинг, Арт-жобаларды ұйымдастыру, Жарнама және PR
  • Студенттер мен оқушылар арасында Халықаралық және республикалық лауреаттарын тәрбиеледі.
Нұрмолдаев Серік Тоқтасынұлы
18.09.1987
Қазақстан, Алматы облысы
serik_nurmolda
Аты-жөні:
Туған жылы:
Туған жері:
Fb., Inst.:
БАУЫРЖАН БЕКМҰХАНБЕТ
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, домбырашы, күйші, композитор. Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», Өнертану магистрі. Роза Бағланова тандағы «Қазаққонцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының солист-артисі, Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ ұлттық өнер университетінің ПЦК домбыра пәнінің аға оқытушысы.
Білімі алған оқу орындар:
  • 1994 - 2003 жж. С.Сейфуллин атындағы №74 атындағы орта мектебі
  • 2003 - 2006 жж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі
  • 2006 - 2010 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы,
Халық музыкасы факультеті (Бакалавриат)
  • 2010 - 2012 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы,
Арт-менеджмент факультеті (Магистратура)
Жетістіктері:
  • 1999 ж. Академик А. Жұбанов атындағы Жас және жас орындаушылар фестивалінің дипломанты. Алматы қ.
  • 2000 ж. XXXIV Республикалық және қалалық жас музыканттар байқауының лауреаты, І орын. Алматы қ.
  • 2001 ж. ХХІІ халықаралық «Азия дауысы» фестивалі аясындағы балалар шығармашылығының ІІІ фестивалінің дипломанты. Алматы қ.
  • 2003 ж. XXXVII Республикалық және қалалық жас музыканттар байқауының Гран-При иегері. Алматы қ.
  • 2005 ж. «Шабыт» VIІІ Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-При иегері. Астана қ.
  • 2005 ж. Құрманғазы атындағы VI республикалық байқаудың лауреаты, ІІІ орын. Астана қ.
  • 2006 ж. XXVI Республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты, І орын («домбыра» номинациясы). Алматы қ.
  • 2006 ж. Жоғары оқу орны ішіндегі Сүгір Әлиев атындағы «Қаратау шертпесі» атты шертпе күйдің дәстүрлі орындаушылары конкурсының лауреаты, І орын. Алматы қ.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
  • «Мәңгілік жастық» атты авторлық күй жинақтың авторы – 2019 ж. Алматы қ.
  • «Қазақ ұлттық консерваториясының фольклорлық зертханасы» атты жинақтың авторы, 2019 ж. Алматы қ.
  • «Фольклорлық ғылыми зерттеу зертханасы қорындағы Абайдың музыкалық мұралары» атты күйтабақтың құрастырушы авторы, 2020 ж.
  • Сазгер күйші Бақытхан Жұмақадырұлының «Көркем мекен» күйтабағы мен жинақтың құрастырушы авторларының бірі, 2021 ж.
  • Базаралы Мүптекеевтің «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» атты монографиясы мен «Күй шақыртқы» күйлер жинағы мен күйтабағының құрастырушы авторы, 2022 ж.
  • Қожеке Назарұлының 200 жылыдығына арналған «Қожеке» атты нота жинағының құрастырушы авторы, 2023 ж.
Бекмұханбет Бауыржан Дүйсенұлы
26.05.1987
Қазақстан, Алматы қаласы
baurzhan_bekmukhanbet
Аты-жөні:
Туған жылы:
Туған жері:
Fb., Inst.:
МАҚСАТ МЕДЕУБЕК
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, қобызшы. Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі». «Қазақ қылқобызы және Орталық Азия түркі халықтарының музыка мәдениетіндегі типологиялық туыстас аспаптар» тақырыбы бойынша философия докторы (PhD), Роза Бағланова тандағы «Қазаққонцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының солист-артисі, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің аға оқытушысы.
Білімі алған оқу орындар:
  • 1992-1994 жж. Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп
  • 1994-2003 жж. А.Жұбанов атындағы РМҚОМИ
  • 2003-2004 жж. К.Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналғын РММОМИ
  • 2004-2008 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (Бакалавриат)
  • 2008-2010 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (Магистратура)
  • 2017-2020 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (Докторантура)
Жетістіктері:
  • 2003 ж. Құрманғазы атындағы V Халықаралық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының лауреаты, 3 орын. Астана
  • 2003 ж. VI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, 3 орын. Астана
  • 2004 ж. Республикалық конкурсы, 2 орын. Астана
  • 2004 ж. «Асыл мұра» жобасы бойынша өткізілген Дәстүрлі музыка орындаушылардың ІІ сайысыны, 2 орын. Алматы
  • 2004 ж. Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы ІІ Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы, 2 орын. Қарағанды
  • 2005 ж. «Асыл мұра» жобасы бойынша өткізілген Дәстүрлі музыка орындаушылардың ІІІ сайысы, 1 орын. Алматы
  • 2005 ж. VIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі, 1 орын. Астана
  • 2007 ж. «Мәңгілік сарын» дәстүрлі музыка фестивалі («Нар қобыз»), 1 орын. Алматы
  • 2008 ж. Ықылас Дүкенұлы атындағы Халықаралық қылқобызшылар конкурсы, 2 орын. Тараз
  • 2012 ж. Қорқыт атындағы түркі тілдес мемлекеттердің дәстүрлі орындаушылық өнер фестивалі, 1 орын. Астана
  • 2014 ж. Ерден Сандыбайұлы атындағы І Республикалық қобызшылар байқауы, 2 орын, Жезқазған
  • 2018 ж. Тілеп Аспантайұлы атындағы Халықаралық ішекті аспаптарда орындаушылар конкурсы, Бас жүлде. Астана
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
  • «Қазақтың ұлттық аспаптарының бірі нарқобыз және оны жетілдіру жолдары»
  • «Қобыз тарту өнерінің кейбір әдістемелік мәселелері»
  • «Қобыз және оны ұстау, тарту әдіс-тәсілдері»
  • «Қазақ халқының ұмыт болған көне үрлемелі аспаптарының тағы бір түрі»
  • «Оқу үрдісін және білім беру мазмұнын жетілдіру тәжірибесі: заманауи беталыс»
  • «Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев, С.Үмбетбаевтардың қобыз тартудағы сол қол техникасы мен аспапты ұстау ерекшеліктері»
  • «Қобызшы Д.Мықтыбаев пен С.Үмбетбаевтардың стильдік-орындаушылық ерекшеліктері (Ы.Дүкенұлының «Ерден» күйінің негізінде)»
  • «Еділ бойындағы татар, ноғай халықтарының кыл-кубыздары және оларды қайта жаңғырту мәселелері»
  • «Өзбек қобызы және оған арналған күйлер»
  • «Ішекті-ысқышты аспаптардың орындаушы қолында орналасуының сол қол техникасына тигізетін әсері» (қазақ қобызы, қырғыз қыл-қыяғы, қарақалпақ кобузы)
  • «Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ халықтарының қобыз тектес аспаптары: салыстырмалы-типологиялық зерттеу аспектілері»
  • «Сол қол техникасының қобыз музыкасының стильдік ерекшеліктерінің қалыптасуына тигізетін әсері»
  • «Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ халықтарының қобыз тектес аспаптарының морфологиялық және эргологиялық ерекшеліктері»
  • «Смычковые инструменты типа казахского кыл-кобыза у татар и ногайцев Поволжья, Кубани и Крыма (на материале историко-этнографических данных XVIII-XIX вв.)»
  • «Production and technique of the left hand on the Kazakh kyl-kobyz, Kyrgyz kyyak, Karakalpak kobyz»
  • «Kyl-kobyz-related musical instruments of Turkic peoples living in Central Asia: comparative-typological aspects of the study»
  • «About Two Types Of Universalism In The Musical Instruments Of The Kazakhs»
Медеубек Мақсат Сағатбекұлы
10.01.1986
Қазақстан, Алматы қаласы
maksat_medeubek
Аты-жөні:
Туған жылы:
Туған жері:
Fb., Inst.:
ЕРЖІГІТ ӘЛИЕВ
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, домбырашы, мультиаспапшы. Роза Бағланова атындағы «Қазаққонцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының солист-артисі. «Шертер» музыкалық аспаптар жасаушы кәсіпорынның музыкалық эксперті.
Білімі алған оқу орындар:
  • 2010-2014 жж. П. Чайковский атындағы музыка колледжі. Халық аспаптары-домбыра мамандығы бойынша (Колледж)
Жетістіктері:
  • 2007 ж. «Час юнных звезд» атты Республикалық фестивалінің «Вокал, аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша лауреаты, Астана қ.
  • 2007 ж. Республикалық «Әнші балапан» балалар шығармашылығы конкурсының финалына қатысушы дипломымен марапатталады. Астана қ.
  • Академик А. Жұбанов атындағы "Ғасырлар пернесі" жас орындаушылар фестивалінің лауреаты
  • 2009 ж. Қалалық «Жырлайды Жүрек» Мұқағалидың Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндерден балалар шығармашылығы байқауының «Дәстүрлі ән» номинациясының жүлдегері. 1 орын, Алматы қ.
  • 2010 ж. ХІ «Абай оқулары» Аудандық конкурсының лауреаты, 1 орын.
  • 2010 ж. Ұлы жеңістің 65 жылдығына орай аудандық «Бұл әндер бізді жеңіске жеткізді» тақырыбында өткізілген жеке ән салу байқауында 2 орын, Алматы қ.
  • 2010 ж. Республикалық «Ғұмырдария» балалар шығармашылығының ән би байқауының «Дәстүрлі ән» номинациясының жүлдегері, 2 орын Алматы қ.
  • 2011 ж. «Нұрғиса Тілендиевтің музыка әлемі» атты жоба аясында өткен «Композитордың әндері мен күйлерін шебер орындау» конкурсының лауреаты, Алматы қ.
Әлиев Ержігіт Бақытжанұлы
02.06.1994
Қазақстан, Қызылорда қаласы
erzhigit_aliyev
Аты-жөні:
Туған жылы:
Туған жері:
Fb., Inst.:
  • 2014-2018 жж. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы. Дәстүрлі музыкалық өнер мамандығы бойынша (Бакалавриат)
  • 2018-2020 жж. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы. Өнертану ғылымдарының магистрі (Магистратура)
ЖАНТУ ДАДАБАЕВ
Музыкант-мультиаспапшы, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, UNESCO халықаралық ұйымының қатысушысы, Роза Бағланова тандағы «Қазаққонцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының солист-артисі.
Білімі алған оқу орындар:
Жетістіктері:
  • 2012 ж. Республикалық «Асыл мұра» байқауының лауреаты, 1 орын. Алматы қ.
  • 2012 ж. Республикалық «Ақ көгершін» байқауының лауреаты, 3 орын. Алматы қ.
  • 2017 ж. «Көшпенділер әуені» республикалық байқауының дипломанты. Алматы қ.
  • 2018 ж. XXXIX республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты, 2 орын. Астана қ.
  • 2020 ж Н.Тілендиев атындағы Республикалық «Өз елім» байқауының Гран-при иегері. Тараз қ.
  • 2021 ж. XIII Республикалық студенттік олимпиадасының лауреаты, 2 орын. Алматы қ.
  • 2021 ж. XXI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар байқауының дипломанты. Астана қ.
  • 2021 ж. Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы YIII Республикалық байқауының дипломанты. Қарағанды қ.
  • 2022 ж. Республикалық «Шертпе күй» байқауының дипломант Алматы қ.
Дадабаев Жанту Құрбанұлы
23.09.1998
Қазақстан, Тараз қаласы
zhantu_dadabayev
Аты-жөні:
Туған жылы:
Туған жері:
Fb., Inst.:
  • 2014-2018 жж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі
  • 2018-2022 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (Бакалавриат)
  • 2022-2024 жж. Қазақ ұлттық өнер университеті Халық музыкасы факультеті (Магистратура)
АРМАН МҰҚАШЕВ
Арман Мұқашев халықаралық деңгейдегі кәсіби дыбысрежиссер. Көп жылдар бойы студиялық дыбыс режиссер, аранжеровщик ретінде Қазақстанның көптеген жарық жұлдыздарымен тығыз шығармашылық қарым-қатынаста жұмыс істеген. Олардың ішінде: Б.Серкебаев, Т.Мұхамеджанов, Р.Рымбаева, А.Мұсаходжаева, М.Омаров, Н.Өнербаев, Р.Гайсин, Қ.Болманов, Қ.Абильдина, Қ.Баекенов, Д.Құдайберген, А.Еңсепов, М.Исабекова, А.Төлепберген; шетелдік С.Павлиашвили, Л.Фабиан, Араш және т.б. Сонымен қатар, «Дос-Мұқасан», «А-STUDIO», «Муз-АРТ», «Формат», «The JIGITS» топтарымен жұмыс жасаған.
Білімі алған оқу орындар:
  • 1997-2001 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, музыка факультеті
  • 2016 ж. «Sandler» продюсерлік орталығында тағылымдама, Мәскеу
  • 2018 ж. «LA institute MI» - да тағылымдама, Лос-Анджелес
Марапаттары:
  • 2008 ж. «Жас қанат» музыка фестивалінің ең үздік дыбыс режиссеры
  • 2012 ж. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаевтың алғыс хаты
  • 2013 ж. Астана қаласы, Мәдениет басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс хаты
  • 2021 ж. Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі»
Мұқашев Арман Өтегенұлы
31.03.1981
Қазақстан, Ақмола облысы
arstudioas81@gmail.com
Аты-жөні:
Туған жылы:
Туған жері:
E-mail:
Қазіргі таңда «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің жеке дыбыс режиссері. «TURAN» ансамблімен Түркия (Анкара, Ыстамбұл, Сивас, Қайсері, Конья, Мерсин, Денизли, Пендик, Эскишехир, Бахчилар, Трабзон); Әзірбайжан (Баку), АҚШ (Вашингтон, Лос-Анджелес), Франция (Париж, Бельфор, Канны), Қытай (Бейжің), Швейцария (Женева, Базель), Бельгия (Брюссель), Австрия (Вена), Венгрия (Будапешт), Нидерланды (Гаага), Хорватия (Загреб), Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург) және т.б. елдерде өнер көрсеткен.
«TURAN» ансамблінің 2023 жылы жарыққа шыққан «TAMYR» күйтабағының микс инжинері, дыбыс режиссері.

ЖОБАЛАР

Daris
«ТURAN» этно-фольклорлық ансамблі 2008 жылдан бастап қазақ халқының ұлттық өнерін, мәдениетін, музыкасын, саз аспаптарын насихаттау мақсатында дәріс концерттер өткізіп келеді. Бұл концерттер ата-бабаларымыздан қалған дәстүр бойынша өтеді. Яғни, өнерпаздар ансамбльдің ерекшелігін, киім үлгілерін, музыкалық аспаптардың шығу тарихын, аңызын, жасалуын айтып, әр шығарма жайында мағлұмат беріп, мазмұнын ашып орындайды. Сондай-ақ көрермендермен қарым-қатынас орнатып, концертті жеңіл әрі көңілді форматта өткізеді. Аталған дәріс концерттерді «ТURAN» ансамблінің қазақ музыка мәдениетіне енгізген жаңашылдығы деуге болады. Қазір бұл концерттерге халықтың сұранысы өте жоғары. Осы күнге дейін ансамбль барлығы 200 жуық дәріс-концерттер берді. Сол арқылы қазақ ұлттық өнерінің өкендеуіне үлес қосып, отандық және шетелден келген тыңдарманның ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, жастардың бойындағы ұлтжандылық сезімдерін оятып, рухани байытуда.
Folk & Symphony
Folk & Symphony – «ТURAN» этно-фольклорлық ансамблінің әлемдік музыка мәдениетіне енгізген жаңалықтарының бірі. Аталған жоба композитор А.Райымқұлованың «ТURAN» ансамблі мен симфониялық оркестрге арнайы жазған «Дала сыры» симфониялық поэмасынан бастау алады. Поэма 2008 жылы Берлиндегі Концертхаус концерт залында өткен Халықаралық "Young Euro Classic" фестивлінде алғаш рет халық назарына ұсынылды. «Folk & Symphony» – қазақтың ұлттық музыкасы, саз аспаптарының әлемдік классика өнерімен ұштасуы, қазақ ұлттық музыкалық аспаптардан құралған ансамбльдік өнердің симфониялық оркестрмен тоғысып, жаңаша үндесуі. Бұл жоба А.Райымқұлованың «Ежелгі Тұран», «Жамилә» сынды симфониялық поэмаларында жалғасын тапты. Сондай-ақ «ТURAN» ансамблінің репертуарындағы «Ер Тұран», «Қилы заман», «Ұлы Тұран мәңгілік», «Қара жорға», «Көроғлы» және т.б. шығармалар симфониялық оркестрге өңделіп, 2022 жылы «Folk & Symphony» атауымен алғаш рет ресми түрде CD күйтабақтың таныстырылым концерті ретінде халыққа ұсынылды. Бұл жоба Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Израиль мемлекеттерінің танымал камералық және симфониялық оркестрлерімен орындалып, әлем жұртшылығына қазақ халқының ұлттық музыкасын, музыкалық аспаптарын жаңа қырынан танытты.
Bridge of Times
Бұл жоба композитор А.Райымқұлованың Швейцарияда өткен пианист Марта Аргерихтің байқауына арнайы жазған «Bridge of Times» шығармасынан бастау алады. А.Райымқұлова мен «ТURAN» ансамблінің шығармашылық тандемі нәтижесінде шығарма қайта жаңғырып, жаңа аспаптық құрамға («ТURAN», А.Райымқұлова (ф-но), виолончель) өңделді. Аталған жоба аясында «Crossroads» атты жаңа шығарма дүниеге келіп, «Bridge of Times» жаңа форматтағы концерттік жобаға ұласты. Бұл концерттік жоба бағдарламасында қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар, фортепиано, виолончель аспаптары және академиялық ән өнері көрсетіледі. «Bridge of Times» жобасы 2023 жылы Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» концерттік ұйымының қабырғасында дүниеге келген. «ТURAN» ансамблінің 15 жылдығы қарсаңында Қазақстан, Әзірбайжан елдерінде, Еуропаның Франция, Швейцария, Австрия, Бельгия, Словения, Хорватия, Мажарстан мемлекеттерінде және АҚШ-тың Вашингтон қаласы мен Аризона штатында, ҚХР-ны Пекин, Ланьфань қалаларында «Bridge of Times» жобасының таныстырылым концерттері өтті.
Tamyr
«ТURAN» этно-фольклорлық ансамблінің «ТAMYR» жобасы түркі әлемінің музыка мәдениетіндегі ерекше құбылыс. Түркітілдес халықтардың інжу-маржандары аталған, кең тараған сүйікті, танымал туындыларынан құралған «ТAMYR» жобасы түркі халықтарының бірегейлігін көрсетіп, бірлікке шақырып, бауырластық қарым-қатынасты нығайту мақсатында пайда болған. Бұл жоба арқылы «ТURAN» ансамблі дүние жүзіндегі түркітілдес халықтардың музыкасын өз репертуарына қосып, оларды түркі музыка мәдениетінде қалыптасқан өзіндік стиліне салып орындайды. Әр шығармаға сол шығарма шыққан елдің ұлттық музыкалық аспабын қолданып, шығармаға ерекше ұлттық сипат сыйлаған. «ТAMYR» жобасы бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер күйжинақ ретінде ұсынылады. Қазір бұл жобаның алғашқы күйжинағы жарық көрді. «ТURAN» ансамблінің 15 жылдығының қорытынды концерті ретінде жобаның алғашқы күйжинағының таныстырылым концерті 2024 жылғы 29 ақпанда Қазақстанның ең үлкен концерт залында, Алматыдағы Республика сарайында өтті. Алғашқы жинаққа «Ceddin deden» (Түрік), «Ai, Lacin» (Әзірбайжан), «Kushdepti» (Түркімен), «Tavaszi szel» (Мажар), «Karasu» (Алтай), «Dombyra» (Ноғай/А.Сұлтанбеков), «Kirk yigit» (Қырғыз), «Kymys yryata» (Якут) әндері кірді.
Tylsym by Turan
«TURAN» жасаған тағы бір ерекше жоба. Сахнада отырған ансамбль мүшелері көрермендермен бірге ортақ тақырып тауып, соның негізінде музыкалық композиция шығарады. Нәтижесінде халық «TURAN» туындыларының дүниеге келу процессін өз көздерімен көріп, бір сағатта мол мағлұмат алып, тақырып аясындағы оқиғалардың музыка тілінде көрініс табу жолдарын тамашалайды. «Tylsym by Turan» кәсіби және әуесқой композиторлар мен ансамбльдік өнерді танығысы келетін мамандар, музыкатанушылар мен этномузыкатанушылар үшін таптырмайтын жоба.