«Қосбасар»
Муз.: Мүкей
Өңдеген: "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі
Көлемі: 20 бет
Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебінің ірі өкілдерінің бірі Мүкейдің «Қосбасар» күйі «Тұран» репертуарындағы ырғағы ерекше күйлердің бірі. Күй ырғағы би ырғағына жақын болған соң Қосбасар шертпе күй өнерінде өзіндік орындаушылық әдістерімен ерекшеленетін күйлердің бір тармағы. «Қосбасар» сөзінің бір мағынасы сол қол саусақтарымен екі ішекті бірге басып тартудан, сондай-ақ екі ішекті кезек-кезек іліп тартудан шыққын деседі.