«Той думан»
Сөзі: М.Мақатаев, халықтікі.
Муз.: "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі
Көлемі: 65 бет
«Той думан» ансамбль репертуарындағы көңілді шығармалардың бірі. Композиция мазмұнында қазақтың жайлауда өтіп жатқан ұлттық мереке-мейрамы, той-думаны, қуанышы жатыр. Қазанда асылып жатқан ет, ұлттық ойындар, тағамдар, бәйге, күй тартыс, жігіттер мен қыздардың биі суреттеледі. Шығарма ортасында айтылатын ауыл әжелерінің тойбастар әні композицияның ұлттық болмысын айқындап, ерекше реңк береді.