«Толғау»
Муз.: А.Райымқұлова
Өңдеген: "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі
Көлемі: 30 бет
«Толғау» күйі композитор А.Райымқұлованың Ш.Айтматовтың «Жәмиля» повесінің негізінде жазылған «Жәмиля» симфониялық поэмасының үзіндісі. Толғау жанры қазақ, қарақалпақ, ноғай сияқты т.б. түркітілдес халықтардың мәдениетінде ерекше орын алады. Бұл жанр негізінен жыраулық поэзиямен тығыз байланысты болғанымен музыка өнерінде де жиі кездеседі. Толғау магиялық функцияға ие және оның идеологиялық, әлеуметтік, саяси философиялық мәні зор. Шығарманың соңында Абайдың 37 - қара сөзі оқылады.