Шаңқобыз
Қазақ халқының тілшелі-үрмелі аспабы. Түркі халықтарында хомус деген атаумен таралған. Темірден, ағаштан, сүйектен жасалады. Шаңқобыз екі бөліктен тұрады. Қаңқасы және тілтемірі. Аспап бақсылардың құралы болған. Кейін қыз балалардың сүйікті аспабына айналған. Қазір музыкалық аспап ретінде пайдаланылады. «Тұран» аснсамблі шаңқобыздың бірнеше түрін қолданады. Темірден, болаттан, ағаштан жасалатын түрлері бар. Бұл аспаптар ұжымға Алтай, Қырғызстан (А.Насридрнов), Якутия (М.Мальсев) елдерінен келген.